Әкімшілік тұрғыда Жаңбыршы кен орны Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан.
2011 жылы «УВС барлауға «SSM-Ойл» ЖШС компаниясының №1057 келісімді аумағындағы іздеу жұмыстары жобасы» жасалған. Аталған жобаға сәйкес төменгі бор, төменгі және орта юра шөгінділерінің мұнай-газдылығын бағалау мен зерттеу бойынша Батыс Жаңбыршы және Жаңбыршы палеозой құрылымдары жабындарында жұмыстар жүргізілген.
Анықталған мұнай және газбен қаныққан коллекторлардың өнеркәсіптік маңыздылығы Жаңбыршы1 және Жаңбыршы 2 ұңғымаларында сынау және алу арқылы дәлелденген.