Батыс Тұзкөл

Батыс Тұзкөл кен орны  Арысқұм иірімінде орналасқан, ол Оңтүстік Торғай мұнай-газды аударының бір бөлігі болып табылады және Арал-Торғай мұнай-газды провинциясына жатқызылады. 
Геологиялық-геофизикалық материалдарды зерттеу, талдап түсіндіру және өңдеу мен жалпылау нәтижесінде Батыс Тұзкөл кен орнында жоғарғы альб-сеноманск, апт-альбск  қабаттары мен төменгі бор неокесегі және мезозойға дейінгі іргетасы анықталған. Барлығы Батыс Тұзкөл кен орнында 73 кен анықталған, оның ішінде, 58 мұнай және 5 газ орындары. Батыс Тұзкөл кен орны 2010 жылы Қазан айында Батыс Тұзкөл 1 ұңғымасында мұнайдың фонтанды ағынын алу арқылы ашылған. 
Батыс Тұзкөл кен орны лицензиялық блок аумағындағы  01.01.2016 жылғы МКК бекіткен С 1 санаты бойынша шығарылатын қорлары 10 млн тоннадан артық  ірі кен орны болып табылады (басқа кен орындары бойынша цифр келтірілмегендіктен мұны әзірге жазбауға болады). 
Қазіргі уақытта кен орнында  сынама пайдалану үдерісі жүргізілуде.