Тұзкөл – Белқұдық

Әкімшілік тұрғыда Тұзкөл кен орны Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан. Географиялық тұрғыда құрылым Торғай ойпатының оңтүстік бөлігін алып жатыр.
Іс жүзінде геологиялық-барлау жұмыстары  2006 жылы Тұзкөл құрылымында басталған. Тұзкөл №1 іздеу ұңғымасы бұрғыланған, ол кен орындарының алғашқы қарлығашы болып табылады. Орта юра кезеңіндегі шөгінділерді сынау барысында мұнайдың фонтанды ағыны алынған.
Тұзкөл кен орнында  өнімді көкжиектерді сынау төмен юраның айболин және сазымбай кен қабаттарында, орта-төмен юраның дощан кен қабатында, орта юраның қарағансай кен қабатында және жоғарғы юраның   құмкөл және ақшабұлақ кен қабаттарында жүргізілген.