Солтүстік Кетеқазан

Әкімшілік тұрғыда Солтүстік Кетеқазған кен орны Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан.
Географиялық тұрғыда құрылым Торғай ойпатының оңтүстік бөлігін алып жатыр. 
 
2013-2014 жж. «1057 келісімді аумақтағы барлау кезеңіне іздеу жұмыстары жобасына» қосымшаға сәйкес, 4 ұңғыма бұрғыланған. Аталған ұңғымаларды сынау нәтижелері бойынша Солтүстік Кетеқазған кен орнында  бор және юра шөгінділерінің мұнай-газдылығы анықталған. Кен орны тектоникалық бұзылыстармен 8 блокқа жіктелген және 13 өнімді көкжиектері анықталған.