БастыКомпания туралы

Компания туралы

«SSM-Ойл» ЖШС кіріктірілген компания. Қызмет бағыты – мұнай мен газды барлау және өндіру.

Компанияның қызметті кеңейту саласында нақты анықталған стратегиясы бар және ол Қызылорда облысындағы прогрессивті мұнай өндіруші компания болып табылады.

«SSM-Ойл»ЖШС Қазақстан нарығында өз қызметтерін 17 жылдан бері, атап айтқанда 2000 жылғы 10 қазаннан бастап ұсынып келеді.

Компания Алматы облысының Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасында тіркелген. Бас директоры - Жунисов Заурбек Исабекович.

Қызылорда қаласында №1057 келісім-шарт бойынша кен орнында «SSM-Ойл» негізгі өндірісі орналасқан. Қызылорда облысында көмірсутекті шикізатты өндіру 2002 жылы басталған. Осы уақытта Мұнай және газ министрлігі мен «SSM-Ойл» ЖШС арасында кен орнын барлауға келісім-шарт жасалған. Әзірленетін аумақтың ауданы 2046 ш² құрайды. Қызылорда облысындағы кен орнындағы өндірісті басқару мақсатында 2014 жылы штаты 25 адамды құрайтын филиал ашылған, оның 11 №1057 келісім бойынша кен орнында жұмыс жасайды.

2005 жылы 12 мамырда CNPC Kazakhstan еншілес компаниясы Көлжан ЖШС Қызыорда облысында №1057 келісім бойынша кен орнын бірлескен барлау және өндіру мақсатында бірлескен қызмет жөнінде келісім жасасқан. Көлжан ЖШС «SSM-Ойл» ЖШС серіктесі болып, лицензиядағы үлестің 50% иеленген.