Қазақстанның негізгі экономика салаларында біршама өсім байқалды

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикасының негізгі салаларында біршама экономикалық өсім байқалды.
Оң динамика өнеркәсіп, көлік салаларында, ауыл шаруашылығында, сауда, байланыс және құрылыс салаларында орын алды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7,5% артты, бұл жағдайда тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсімі мұнай, көмір, табиғи газ, темір рудасы және түсті металдар өндіру есебінен 10% артық болды.

Өңдеуші өнеркәсіптегі 5% артық өсім фармацевтикалық өнімдер, текстиль, сонымен қатар, мұнай өңдеу өнімдері, қағаз, азық-түлік және сусын өндіру есебінен орын алып отыр. Жиһаз өндірісі, машина жасау және металлургия салаларында да жақсы өсу көрсеткіштеріне қол жетті.

Жалпы алғанда, елдің барлық аймақтарында өндіріс көлемінің артуы байқалады. Көш басында 22% көрсеткішпен Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Астана қалалары орналасқан, мұнда өсім  7% асқан. 

Дерек көзі: http://24.kz/ru/news/economyc/item/208410-v-osnovnykh-otraslyakh-ekonomiki-kazakhstana-proizoshel-zametnyj-rost