Қазақстанда мұнай және газ өндірісі жылына 17% артты

8 ай қорытындысы бойынша газды сұйық және газ тәрізді қалыпта өндіру баға тұрғысынан 123,4 млрд тг дейін жеткен, яғни бір жыл бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда 10,2% артқан деп хабарлайды Energyprom.

Табиғи газ өндірісі заттай өрнектегенде 35,3 млрд текше метрге жеткен, бұл бір жыл бұрынғы теңдес кезеңдегі көрсеткіштен 17,3% артық. Оның ішінде, 19,7 млрд текше метр ілеспе мұнай газы құраған және 15,4 млрд текше метр – газ тәрізді қалыптағы табиғи газ болған (бұл жағдайда тауар шығысы 8,6 млрд текше метр болған). Облыстар арасында көш басында БҚО – 13,8 млрд текше метр газ, оның ішінде, газ тәрізді қалыптағы табиғи газ - 13,5 млрд текше метр.

Энергетика вица-министрі Магзум Мирзагалиевтың сөзіне сәйкес, тәуелсіздік алған жылдар ішінде ҚР газ өндірісі бес еседен артық артқан, 2016 жыл қорытындысы бойынша 46 млрд текше метрді құраған. 2016-2040 жылдар аралығындағы күтілетін орташа жылдық өсу ырғағы - 4% деңгейде.

Көгілдір отырды өндірудің негізгі үлесі ірі кен орындары – Қарашығанақ (49%), Теңіз (31%) және Қашаған (14%) есебінен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақыттағы сұйық көмірсутектерді шығаруға байланысты кен орындары біртіндеп газ санатына ауысады. 

Қазіргі таңда Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында Ресей мен Түркіменстаннан кейін 3 орында және дүние жүзі бойынша 22 орында орналасқан. Газдың өндірілетін қоры 3,9 трлн текше метр деңгейінде бекітілген, оның ішінде, ілеспе газдың мөлшері – 2,6 трлн және бос табиғи газ мөлшері – 1,3 трлн текше метр.

Өндірілетін газдың 30% ішкі қажеттіліктерге, 30% - экспортқа бағытталады, қалған көлемі қыртыс қысымын сақтау үшін қайтадан кері қыртысқа айдалады, сұйық көмірсутектерді шығаруды арттыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланады.

Өткен жыл қорытындысы бойынша мемлекетте газбен (оның ішінде, сұйылтылған) 88,5% тұрғылықты қор қамтамасыз етілген, бұл жағдайда, қалаларда - 83,3%, ауылдарда - 97,4%. Газбен қамтылған елді мекендердің саны 945 жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық болды. Ең жоғары көрсеткіштер БҚО (231 елді мекен), Жамбыл облысы (164 елді мекен + 1,2% жылына) және ОҚО (151 елді мекен) байқалып отыр.

Газ желілерінің ұзақтығы 26,3 мың шақырымды құрайды.

Тарату желілерімен тасымалданатын табиғи газ тарифтері  ҚР орта есеппен жылына 4,8% артып, текше метр үшін 17,05 теңгені құраған.

Тарату желілерімен таратылатын сұйылтылған газ жыл ішінде 4,3% артып, 1 кг үшін 142,93 тг құрады.

Баллондардағы сұйылтылған газ жылына 13% артып, 52 литр үшін  2556 тг құрады.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, аймақтарда газға көтерме баға қалыптасып және «инвестициялық тарифтің» ықпалы байқалады. Мемлекеттегі газдың 60% астамы валютаға сатып алынады. Сәйкесінше, теңге бағасын үйлестіру есебінен газ бағасы артқан. Дегенмен, газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз Аймақ» әзірге өз шығындарын халыққа жүктеп отырған жоқ. Тарифтің екінші тәртібі – тарату желілерінің бағасы. Қазақстанның кейбір аймақтарында «инвестициялық тариф» орын алған, яғни «ҚазТрансГаз Аймақ» халықпен кеңесу арқылы өзінің қаражатын газбен қамтуға жұмсайды (бұл жұмыстар Қызылорда, Ақтөбе және ОҚО белсенді жүргізіліп отыр).

Дерек көзі: https://total.kz/ru/news/finansi/v_kazahstane_obemi_dobichi_gaza_virosli_na_17_v_god_date_2017_10_03_09_20_09