ОПЕК шартты себетіндегі орташа өлшемді баға қыркүйек айында 8% артты және бір баррель үшін 53,44 АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы шілде айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады деп хабарлайды АФК сілтеме жасай отырып Total.kz.
көрсеткіштердің артуынан қолдау тапты, әсіресе нарықтың шектен тыс тұрақтануы жағдайында оған ОПЕК мемлекеттерінің өндіруді қысқарту туралы келісім-шарты себеп болды. Мұнайға баға белгілеудің өсімі нарықта алып сатарлықтың артуына алып келді. Хедж қорлар мұнай кешенінің болашағына қатысты оптимистік сарын байқатты. Бір ай уақыт ішінде ICE Brent және NYMEX WTI байланысты опциондар мен фьючерстер бойынша ең таза және ұзын позиция 196,6 мың келісімге артты (~197 млн баррель).
ОПЕК мемлекетерінің жалпы мұнай өндіруі қыркүйек айында тәулігіне 32,75 мон баррельді құрады (б/т), бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 88,0 мың артық. Мұнай өндіру Ливия, Нигерия, Иран және Габонда артып, Венесуэлада төмендеген.
ОПЕК аналитиктерінің пікіріне сәйкес, мұнай бағасы келесі жылы бір баррель үшін 50-55 АҚШ доллары мөлшерінде қалады. Бағаның осы деңгейден жоғары артуы АҚШ мұнай өндірушілерін бұрғылау бойынша өз қызметтерін кеңейтуге ынталандырды, себебі, баға бұдан төмен болған жағдайда капитал салымдарын азайту орын алады.
Жалпы дүние жүзілік мұнай өндірісі қыркүйек айында өткен аймен салыстырғанда 0,41 млн б/т артып, 96,5 млн б/т дейін жетті. Оның ішінде, «ОПЕК құрамына кірмейтін» мемлекеттерде 0,31 млн б/т артып, 57,65 млн б/т дейін жетті.
2017 жылы мұнайға әлемдік сұраныс 1,5 млн б/т артады деген болжам жасалған, 30 мың б/т арттырумен байланысты қайта қарастыру бұл экономикалық белсенділіктің жақсаруымен байланысты екенін көрсетіп отыр. Ең оңтайлысы ЭЫДҰ мемлекеттері және Қытай Тарапынан сұраныстың артуы болып табылады. 2018 жылы мұнайға әлемдік сұраныс 1,4 млн б/с құрайды және 30 мың б/с артумен байланысты үйлестіргеннен кейін өткен баяндамамен салыстырғанда артады, бұл әлемдік экономикада экономикалық перспективаның, әсіресе Қытай мен Ресейде жақсаруымен байланысты.
Тамыз айында Қазақстандағы мұнай өндіру шілде айымен салыстырғанда 78 мың б/с төмендеп, 1,4 млн б/т құрады. Табиғи газ сұйықтықтарын өндіру деңгейі 1,67 млн б/т құрады, ол өткен айдағы көрсеткіштен 0,07 млн б/т төмен. Елдің ірі Теңіз кен орнында өндірудің төмендеуінің орнын Қашағандағы және Қарашығанақтағы өндірісті арттыру есебінен толтырды (200 мың б/т көрсеткішке дейін жетті). Опек болжамына сәйкес 2017 жылы Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейі 0,18 млн б/с артады, ол Қарашығанақтағы өндіруді арттырумен байланысты болады. 2018 жылы өндіру 0,06 млн б/т артады. Дегенмен, 2018 жылдағы мұнай өндірудің деңгейін болжаудың өзіндік қиыншылықтары бар, себебі Қашаған кен орнындағы ең жоғары өнімділік бұрын күткеннен ерте, 2019 жылы орын алады.
Дерек көзі: https://total.kz/ru/news/ekonomika_sobitiya/skolko_budet_stoit_neft_v_2018_godu_date_2017_10_24_17_31_04