Өнеркәсіп дамып отыр, алайда біркелкі емес

Төлеген Асқаров

«ДК» оқырмандарына қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемі 2,6% қысқарғанын естеріне саламыз. Бұл жағдайда жылдық тұрғыда қарастырғанда, яғни өткен жылғы күздің алғашқы айына қарағанда біршама 6,9% өсім, ал орташа жылдық (өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айлары) – 8,3% құраған.

Қазан айында өнеркәсіптік өнім өндіру қыркүйек айымен салыстырғанда 3,2% артты. Дегенмен де, жылдық тұрғыда есептегенде өсу ырғағы күрт төмендеген және небары 0,6% құраған. Орташа жылдық динамика 7,5% дейін кеміген. Осындай статистикалық көрсеткіштер орын алуының негізгі көзі тау-кен өндіру саласы болды, мұнда өсім қыркүйектегі 11,6% көрсеткіштен 0,1% дейін азайған! Мұнда теріс көрсеткіштерді көмір және лигнит өндіру көрсеткен, олар бір жыл ішінде 19,7% кеміген болса, басқа негізгі позициялар бойынша жылдық тұрғыда көрсеткіштердің жоғарылауы байқалған: мұнай - 1,7%, табиғи газ  - 2,4 %, темір рудасы – 3,3%, түсті металдар рудасы – 0,4%.

Қазан айының деректерін қыркүйек айының статистикасымен салыстырған жағдайда тау-кен өндіру саласындағы көрсеткіштердің өсімі 0,5% құрады. Есептеудің осы тәсілі бойынша көш басында табиғи газ 15,9% орналасқан, одан кейінгі орындарда көмір және лигнит (4,6%), темір рудасы (2,9%), мұнай (0,7%) орналасқан, ал түсті металл рудалары бойынша 1,4% төмендеу орын алған. Дегенмен де, орташа жылды есепте осы саладағы өнім шығару динамикасы 10,2% деңгейінде оңтайлы өсу көрсеткішін көрсетіп отыр.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында күздің екінші айында өндіріс көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 2,8% артуын көрсеткен. Мұнда оң өсу көрсеткіштерін тағам өнімдері (2,6%), темекі (4,2%) және текстиль бұйымдары (29,4%), былғары өнімдері (36,2%), қағаз және қағаз өнімдері (6,0%), мұнай өңдеу өнімдері (7,1%), химия өнеркәсібі өнімдері (2,6%), негізгі асыл және түсті металдар (3,6%), дайын металл бұйымдар (14,8%), компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер (4,0%), электрлік құрылғылар (88,5%), автокөлік құралдары (6,0%) және жиһаз (6,3%) құрады. Теріс көрсеткіштер де орын алып, сусын (7,7%), киім (10,2%), ағаш және тығын бұйымдары (20,3%), негізгі фармацевтикалық өнімдер (18,2%), резина және пластмасса бұйымдар (6,8%), қара металл (5,6%) шығару көлемі біршама қысқарды. Жылдық есепте өңдеуші саланың динамикасы өндіріс көлемінің 1,1% ғана артуын көрсетті, ал  орташа жылдық есеп (5,2%) біршама көңіл толтырарлық болды. 

Қазан айын электрмен қамту, газ және бу беру, ауа кондициялау салалары біршама қуатты аяқтады – мұнда өнім шығару көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 24,0% артты! Жылдық тұрғыда өсім 2,2%, орташа жылдық – 4,8% құрады. Саладағы абсолютті аутсайдер сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинау мен оны таратуды бақылау салалары болды, мұнда күздің екінші айында өндіріс көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 6,9%, жылдық есепте - 0,9%, орташа жылдық – 0,3% кеміді. 

Қазақстанның аймақтары арасында қазан айы бойынша оң индустриалды динамика көшбасшысы Алматы облысы болды, мұнда қыркүйек айымен салыстырғанда өнім өндіру 24,8% дейін артты! Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуін көрсеткен аутсайдерлер Ақмола (23,8%), Павлодар (10,7%), Солтүстік Қазақстан (4,2%) және Қызылорда (1,4%) облыстары болды. Жылдық өсу ырғағы бойынша бірінші орынға Жамбыл облысы 6,3% өсіммен шықты, ал Батыс Қазақстан облысындағы ең жоғары құлдырау орын алды– 12,4%. Орташа жылдық өрнекпен есептеу барысында Атырау облысы көш басында орналасады, мұнда өнім шығару 22,1% артты, ал статистика барысында өндірістің қысқаруы екі аймақта – Қызылорда (3,6%) және Маңғыстау (0,3%) облыстарында байқалған.


Дерек көзі: https://dknews.kz/in-the-newspaper/55787-promyshlennost-rastet-no-nerovno.html