Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы әр түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,04 долларға арзандап, бір баррель мұнайдың бағасы 72,02 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 0,25 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 67,07 долларға жетті.

Дерек көзі: http://www.inform.kz/kz/munaydyn-alemdik-bagasy-kubylyp-tur_a3217784