Энергетика министрлігі мұнайға сенім артып отыр

Энергетика вице-министрі Махамбет Досмухамбетов халықаралық KIOGE 2017 көрмесінің алғашқы күні барысында «дәстүрлі көмірсутектердің дәуірі аяқталуға жақын» екеніне қарамастан Қазақстан 2025 жылға қарай мұнай өндірісін жылына 100 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын жариялады. Досмухамбетов мұнайдың дәстүрлі көлемі төмендейтінін және Қазақстанның балама іздей бастағанын айтып кетті.

Атап айтқанда мұнай химиясы өндірістері құрылады, алайда, жобалар үнемі тежеліп отыр. Қазір дәстүрлі энергия түрлері саласында негізгі жұмыстар негізгі үш нысанда – Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз нысандарында жүргізіліп отыр, басқаларында өндіру керісінше кеміп келеді деп айтып өтті шенеунік. Өндіру көлемінің төмендеуі Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда секілді облыстардың экономикалық дамуына өз ықпалын тигізеді деп атап кетті вице-министр.
Энергетика министрінің жоспарларына сәйкес, Теңізде 2017 жылы 28 миллион тонна мұнай және 15 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Кен орнын кеңейту жобасы мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2017 жылғы тоғыз ай уақыт ішінде 5,9 миллион тонна мұнай және 4,5 миллиард текше метр газ өндірілген. Қашағандағы ағымдағы өндіру деңгейі тәулігіне 200 мың баррельді құрай    ды және алдағы уақытта тәулігіне 450 баррельге дейін артуы мүмкін. 
Қарашығанақта тоғыз ай уақыт ішінде өндіру көлемі  9,3 миллион тонна мұнай және 14 миллиард текше метр газды құраған, жыл соңына дейінгі жоспар – 12 миллион тонна мұнай және 18,5 миллиард текше метр газды құрайды. Көне парадигмадан ауытқымастан Досмухамбетов Қазақстан әзірге өзінің дәстүрлі энергия ресурстарын өндіруге мәжбүрлі екенін, дегенмен республикада битум кен орындары бар екенін, алайда, сланцты мұнай өндіруге ауысу ауқымды шығынды қажет ететін болғандықтан әзірге мүмкін болмай отырғанын айтып кетті. 
Аталған нарықтағы қазіргі тұрақсыздық жағдайында бизнес мұнда қаражат құя алмайды деп айтып кетті вице-министр. «Ескі парадигмадан ауытқу өте қиын. Мысалы, біз көмір шығарушыларды метанды кәдеге жарату мәселесінің шешімін табуға ынталандыруға тырысып отырмыз, дегенмен, әлі де қарсылық күшті болып отыр. Барлығы қалыптасқан жағдайға үйренген, мұнда прогреске қол жеткізу өте қиын», - деді шенеунік. Дегенмен де, алға басу байқалады, мысалы, Қазақстанның мұнай тасымалдау әлеуеті артып отыр деді Досмухамбетов мырза. Оның сөзіне сәйкес, жылдың соңына қарай Каспий құбыр жүйесі консорциумын кеңейту жоспарланып отыр, осының есебінен өткізу қабілеті қазіргі жылына 28,2 млн тонна мұнайдан 67 миллион тоннаға дейін артатын болады, Қазақстандық учаскеде ол 52,5 млн тоннаны құрайды. Кеңқияқ – Атырау құбыр жүйесінде шығыс бағытта өткізу қабілеті 2019 жылдан бастап төрт миллион тоннаға дейін артатын болады. Бұл Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесін қамтамасыз етуге және  жеп қойнауын пайдаланушылардың мұнай жеткізу бойынша ішкі нарыққа бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етеді деп хабарлады вице-министр. Қазақстандағы қазіргі отын мәселелеріне байланысты бұл сауал өзекті болып отыр. Мұнайға қызығушылықтың ең жоғарғы шамасы әлі алда. Бұл жағдайда шенеунік екі жақты көзқарас танытып, бір жағынан мұнайға сенім арту қажет емес деп тұжырымдаса, екінші жағынан мұнайда қызығушылықтың ең жоғары шамасы 2030 жылы байқалатынын және оған Қазақстанның дайын болуы керек екенін айтқан. Ол осылайша, «Теңізшевройл» («ТШО»), «Қарашығырнақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) және Солтүстік Каспий консорциумы (НКОК) – үш ірі компанияларының себінен өндіруді арттыруды ұсынды. Энергетика министрлігінің өкілі 1993 жылдан бастап тек «ТШО» ғана инвестиция көлемі 34 миллиард долларды құрағанын айтты, компания мемлекеттің пайдасына 83 млрд доллар салық төлеген. Үш миллиард баррельден астам шикі мұнай өндірілген, НКОК 6,8 миллион тонна мұнай өндірілген. Қазіргі уақытта Қашағанды кеңейту жобасы  басталып, ол мұнай өндіруді 2024-2030 жылдарға қарай арттыруға мүмкіндік береді деп атап көрсетті вице-министр. Атап айтқанда 2025 жылы Қазақстан мұнай өндіру көлемін 100 миллион тоннаға дейін, ал газ өндіруді – 60 миллиард текше метрге дейін жеткізуді жоспарлаған. 2017 жылғы жоспарға сәйкес республика осы жылы мұнай және газ конденсатын өндіруді 81 миллион тоннаға дейін жеткізуге ниетті екенін айтып кету керек. 2016 жылы мемлекет 78 миллион тонна өндірген.
Дегенмен де, 2017 жылы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан  48,001 миллион тонна мұнай өндірілген, бұл 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,2% артық. Газ бойынша жағдай келесі түрде, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың жариялаған жоспарына сәйкес, 2017 жылы 48,1 миллиард текше метр газ өндіріледі деп күтілуде. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнай және газ тасымалдау бойынша аға вице-президенті Нуртас Шманов Досмухамбетов мырзаны газ өндіру көлемін арттыруда қолдайтынын айтқан. 
Ол «ТШО» дамытудың болашағына баса назар аударған. Ол мұнай саласындағы ең перспективті бағыт Қашағанды кеңейту жобасымен байланысты екенін айтқан. Қолданыстағы кен орындарын дамыту да маңызды екенін Шманов мырза айтып кеткен, себебі, бұл жұмыс орындары және қоғамдағы әлеуметтік қысымды төмендету үшін қажет екені айтылған. «Алдағы болашақта мұнай-газ парадигмасы бұзылмайды, сол себепті де мұнай-газ секторы әртараптандыру қажеттігіне қарамастан Қазақстан үшін аса маңызды. Қазіргі уақытта мұнай бағасы төмен болып отырғанда ҚМГ елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігі артып отыр», - деп тоқталды Шманов мырза. Егер 2025 жылға қарай дәстүрлі энергия көздерін сланцты мұнай біржола басып озатын болса, мұнай өндіруді арттыру бойынша ауқымды жоспарларға не болады деген сауалға сарапшылар түсінікті айқын жауап бере алмады. Сонымен қатар, дәстүрлі мұнай және газ өндіруді арттыру салымдарына көмірсутекті нарық тәуекелі қандай деген сауалға да жауап алынбады.
Дегенмен, Энергетика министрілігі тарапынан шенеуніктердің оптимистік көзқарастарына сәйкес, негативті сценарий басым ретінде қарастырылмайды. Шманов мырза көрме қатысушыларын сенім ұялататын цифрлармен сергітті. Оның сөзіне сәйкес, Қазақстандағы газды кәдеге жарату барысындағы тиімділік деңгейі 86% жеткен, ал осы аптада республика Қытайға газ экспортын бастаған және жыл соңына дейін Аспан асты еліне  10 миллион тоннаға дейін отын жеткізілетін болады. «Роснефтьмен» транзит көлемін арттыру бойынша келіссөздер басталған. Қазақстан мұнайына қызығушылығын көрмеге қатысып отырған Еуроодақ өкілдері де білдірді. 
ЕО Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренцо Христеа балама энергия көздерінің даму перспективасын және еуропалық қауымдастықтың осы бағытта күш салып отырғанын айтып кетті және әзірге дәстүрлі энергия көздерісіз күн кешу мүмкін емес екенін айтып кетті. Сол себепті ЕО  Қазақстанға қызығушылығы төмендемейді деп тыныштандырды ол қазақстандық шенеуніктерді. Христеа мырза қазақстандық мұнай экспортының 70% жуығы Еуроодақ мемлекеттеріне тиесілі екенін айтып кетті. «1990 жылдардан бастап Еуроодақ мұнай және газ импортына тәуелді бола бастаған және бұл тәуелділік жыл санап артып келеді. ЕО қазір «Қашаған» жобасына жоғары қызығушылық танытып отыр».
Өндіру көлемін біршама арттыру Қазақстанды дүние жүзіндегі ірі мұнай жеткізушілердің қатарына жеткізуі мүмкін. Бізге «ҚазМұнайГаз» румындық еншілес жағын қытай тарапының сатып алуы бойынша келісімнің аяқталуы қызықты болып отыр, осыдан кейін өңдеу көлемі жылына бес миллион тоннаға дейін артуы мүмкін. Констанция порты арқылы энергетикалық көмірсутектерді Азия мен Еуропаға жеткізу көпірі пайда болады», - деді Еуроодақ өкілі. Осы жылы көрмеге әлемнің 25 мемлекетінен 250 артық компания қатысқанын айта кету керек.

Аскар Муминов
Толығырақ: http://abctv.kz/ru/news/minenergo-prodolzhaet-verit-v-neft