АҚШ мұнай және газ өндірісінің артуы алдағы сегіз жыл уақыт ішінде әлемдік көмірсутектер нарығында теңдессіз болады деп Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) World Energy Outlook 2017 жыл сайынғы ұзақ мерзімді болжамында сейсенбі күні жарияланды деп жазады newsru.com.
АҚШ мұнай және газ өндірісінің артуы алдағы сегіз жыл уақыт ішінде әлемдік көмірсутектер нарығында теңдессіз болады деп Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) World Energy Outlook 2017 жыл сайынғы ұзақ мерзімді болжамында сейсенбі күні жарияланды деп жазады newsru.com.
Оның себептерінің бірі – өндірістің өзіндік құнын төмендету және технологияны жетілдіру болып табылады. Келесі себебі АҚШ өндірілетін мұнай қорының көлемі болжанған көлемінен артық болуына негізделеді. Өткен жылмен салыстырғанда баға үштен бір үлеске артып – 105 млрд баррельге дейін жеткен және ХЭА сарапшыларының болжамына сәйкес, тағы екі есе артуы ықтимал.
ХЭА болжамына сәйкес, сланец революциясының жаңа тарамы есебінен 2025 жылы Құрама штаттар тәулігіне 16,9 млн баррель шикі мұнай және газ конденсатын өндіретін болады. Осылайша, 2010 жылмен салыстырғанда АҚШ өндірісі екі еседен артық немесе күніне 8 млн баррельге артады.
Осылайша, өсу ырғағы бойынша америкалық мұнай өнеркәсібі Сауд Арабиясының көрсеткіштерімен теңесетін болады деп жазады «Прайм» агенттігі.
Сәйкесінше, 2020 жылдардың басында АҚШ мұнай шет елдерден сатып алуымен салыстырғанда көбірек экспорттайтын болады, ал америкалық мұнай бумы «Нарық тарихындағы бір мемлекет шегінде мұнай өндірудің ең ірі тұрақты өсіміне айналады» деп жазылған ХЭА баяндамасында. Бұл жағдайда мұнай бағасы ұзақ уақыт бойы «төмен болады» деп ескертеді агенттік.
ХЭА мұнай баррелінің ұзақ мерзімді болжамын 2025 жылға қарай 18% дейін – 97 – 83 долларға дейін төмендейді деп көрсетіп отыр. Егер инфляцияны ескеретін болсақ, (орта есепппен жылына 2%, ФРС таргетіне сәйкес), онда ағымдағы бағамен ол 72 доллар болады.
Бұл жағдайда агенттіктің айтуынша «консервативті сценарий» орын алуы мүмкін, бұл жағдайда номиналды баға 2040 жылға дейін 70 даллар/баррель болуы ықтимал. Нақты өрнекте (доллар инфляциясын ескере отырып), бұл ағымдағы баға бойынша 35 долларға сәйкес келеді.
Дерек көзі: https://kapital.kz/world/64621/mea-predskazalo-rekordnyj-rost-slancevoj-dobychi-v-ssha.html