Қызылорда облысына жұмыс сапармен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкімет делегациясы барды.
Қызылордадағы бірінші барған нысан гидроторап болды. Мұнда Үкімет мүшелері Мемлекет басшысының тасқын суларды аккумуляциялау және суармалы жерлер ауданын арттыру бойынша тапсырмасын орындау барысымен танысты. ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серик Кожаниязов аймақтың су шаруашылығы инфрақұрылымы жағдайы туралы айтып кетті.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы суармалы жерлер ауданын арттыру және пайдалану тиімділігін арттыру қажеттілігін айтып кеткен. Оның ішінде, осы жылы180 мың гектар егіс айналымына жатқызылған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда оң мыңға артық. Суармалы жер шаруашылығын кеңейтуге суды су тасқыны кезеңінде су қоймаларында аккумуляциялау және гидротехникалық құрылыстарды, оның ішінде, Қызылорда гидроторабын тиімді пайдалану есебінен қол жеткізіледі.
Мемлекеттік 2021 жылға дейінгі АӨК дамыту бағдарламасына сала бойынша аймақтың суармалы жерлерінің су шаруашылық инфрақұрылымын дамыту мен қалпына келтіруге бағытталған үш жоба енгізілген. Атап айтқанда, «Ирригациялық және құрғату жүйелерін жетілдіру (ИҚЖЖ-2)» жобасының екінші фазасында 15 мың гектар суармалы жерді қайта қалпына келтіру жоспарланған. Облыста тағы 144 мың гектарды үшінші фаза қамтиды. Үшінші жоба суармалы жерлердің 29 мың га қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда аймақтағы су шаруашылығы саласындағы жағдай біршама тұрақты. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (САРАТСС) бірінші фазасын жүзеге асыру шеңберінде Шардара СЭС плотинасы, Қазалы гидроторабы қалпына келтірілген, Көкарал тұйығы, Ақлақ гидроқұрылымы, Қараөзек су контрреттеушісі, Әйтек құрылым кешені салынған және бұл келіп түсетін су көлемін тиімді бөлуге мүмкіндік береді. САРАТСС жобасының екінші фазасын іске асыру нәтижелеріне зор үміт артылып отыр. Бұл қорғаныштық дамбалар құрылысы, Қамшылыбаш және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру, Арал ауданындағы Қамбылыбаш балық өсіру орнының Тастақ учаскесінде тоғандарды кеңейту мен қайта жаңартуды қарастырады.
Сапар барысындағы келесі нүкте облыстық балалар ауруханасы болды. Мұнда Бақытжан Сағынтаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындау барысымен танысты. Балалар ауруханасы 200 орынға арналған және ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген. Аурухананың жалпы ауданы 25 744 шаршы метр. Мұнда 11 емдеу бөлімі, бес ота жасау блоктары, 12 орынға жан сақтау бөлімі, анестезия және консультациялық-диагностикалық бөлім жұмыс жасайды. Одан басқа, қатерлі ісікпен ауыратын балаларға арналған бөлім ашылған, мұнда оларға паллиативті көмек көрсетілетін болады. Облыста онкологиялық аурумен ауыратын 108 бала есепте тұр және олар қажетті медициналық көмекті алады.
Бұдан әрі үкімет делегациясы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады, ол «бір терезе» ұстанымы бойынша жұмыс жасайды. Орталық өз жұмысын 2017 жылғы қаңтар айында бастаған. Облыс әкімінің орынбасары Евгений Кимнің айтуынша, мұнда кәсіпкерлерге техникалық шешімдер, сәулет және қала құрылысы саласындағы рұқсат құжаттарын алу және жер мәселелері бойынша, аймаққа инвестиция тарту тұрғысынан консультациялық кеңес беріледі. Ағымдағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, атап айтқанда, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Жол картасы - 2020» бағдарламалары бойынша ақпарат беріледі. КҚО ашылған уақыттан бастап консультация және рұқсат құжаттарын алуға көмек түрінде екі жүзден астам қызмет көрсетілген.
Жұмыс сапасы шеңберінде облыс экономикасын жаңғырту бойынша отырыс өткізілді. Отырыстың кіріспе сөзінде ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарының басты мақсатын Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы барысымен танысу, Қазақстан Президенті бастама көтерген мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қадағалау екенін айтып кетті.
Өзінің сөзінде облыс әкімі Крымбек Кушербаев аймақта мемлекет басшысының Қазақстан халқына ғаламдық бәсекеге қабілеттілік бойынша жолдауында белгілеген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын және Үшінші жаңғырту шеңберінде аймақта базалық салаларды техникалық қайта жабдықтау, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту бойынша шаралар қолданылып жатқанын айтып кетті.
– Өңдеуші сектордағы өндіріс көлемі 9,4% артқан, бұл республика бойынша орташа деңгейден жоғары. Мемлекет басшысының үдемелі технологиялық даму бойынша тапсырмасын орындау мақсатында индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде алты кәсіпорын газды кәдеге жарату, электр энергиясын шығару, күкірт қышқылын шығару және сүтті өңдеу бойынша жаңа технологиялық құрылғылар енгізген. Мысалы, «Арал тұз» АҚ кәсіпорны жаңа испандық технология бойынша жұмыс жасайды, бұл өнім экспортын 40 есе арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы екі жылда кәсіпорын ресейлік ас тұзы нарығының 12% қамтыған, - деп айтып кетті Крымбек Кушербаев.
Әкімнің сөзіне сәйкес, осы жылы екі экспортқа бағытталған кәсіпорындар – молибден үш тотығы өндірісі мен шыны зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Молибден үш тотығы толықтай Жапонияға экспортталатын болады.
Шыны зауытының құрылысына келетін болсақ, бүгінгі таңда мұнда 99 пайыздан артық АҚШ, Финляндия және ҚХР құрылғылары жеткізілген, металл құрылымдарды құрастыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Қытайлық «Чайна Триумф» компаниясы мен «Orda Glass ltd» ЖШС арасында келісім-шарт жасалып, оның шеңберінде зауыт құрылысын 2017 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Қытайлық серіктестер күн батареялары, смартфондар мен планшеттерге арналған ультражұқа шыны шығаратын зауыттың екінші кезегінің құрылысын талқылауға кіріскен.
Аймақта «Нұрлы жол» үкімет бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып отырғаны анықталған. Мысалы, өткен жылы Қызылордада 4000 пәтерлік 80 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда екі есе артық. Ағымдағы жылдың басынан бері 980 пәтерлік 19 үй пайдалануға берілген. 2016 жылы облыс орталығында кезекте тұрғандар дербес жеке құрылыс үшін 6600 жер телімін алған.
Облыс әкімі ҚР Үкімет басшысының назарын «Аймақтарды дамыту» бағдарламасының шеңберіндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстарға аудартты. Халықтың 95 пайызы мекен ететін облыстың елді мекендерінің төрттен үш бөлігі орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда облыс орталығы толықтай жер асты суларының кен орындарына қосылған. «ҚазТрансГаз» АҚ төрт аудан орталығын газбен қамтуға және Байқоңырға жалғауға қол жеткізілген.
Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі ретінде «Жобалық кеңсені» енгізу бойынша жұмыстар басталған. Бұл жағдайда ең дамыған аналитикалық платформалар және ІТ-технологиялар пайдаланылады. РФ Белгород облысының тәжірибесі пайдаланылады. Аймақ «Жобалық Олимп» конкурсында қатысуға «Қызылорда облысындағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жобаны басқару» жобасымен өтініш берген.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Қызылорданың Сырдарияның сол жақ жағалауында құрылыс жобасын ұсынған, мұнда 18 көп қабатты үйден (778 пәтер) және 320 орындық бала бақша мен басқа да басқа да нысандардан құралатын бірінші ықшам аудан құрылысы басталған.
Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі Бакытжан Сагинтаев және облыс әкімі Кырымбек Кушербаев Шалқия кен орнына барды. Бұл кен орны жалпы руда қоры бойынша Қазақстанның түсті металлургиясының басты әлеуетті көзі болып табылады. Мұнда елдегі мырыштың барланған қорының 30 пайызынан астамы шоғырланған.
2012 жылы «Казгорпроектсервис» ЖШС бұрын «Казгипроцветмет» институты әзірлеген өнеркәсіптік әзірлеу жұмыстары негізінде Шалқия кен орнында жер асты әдісімен жылына 4 миллион тонна полиметалл рудасын өндіру жобасы дайындалған. Жоба барлық келісу кезеңдерінен өткен. Жобаны қаржыландыруға Еуропалық қайта құру және даму банкі қатысады. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Шалқияға сапасы барысында Қазақстандағы осы қаржы институтының директоры Агрис Преймонис және «Тау Кен-Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Мажит Тұрмағанбетов арасында келісім-шартқа қол қою салтанаты өтті.
Тек жобаның бастапқы кезеңінде ғана 521 адам жұмыспен қамтылады, алдын ала болжам бойынша орташа еңбек ақы 205 мың теңге болады. Ал 2020 жылға қарай тау-кен байыту комбинаты іске қосылғаннан кейін жұмыскерлер саны 1500 адамды құрайтын болады.
Бұдан әрі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жаңақорған ауданында орналасқан ежелгі қала Сығанаққа (VІ–ХІХ ғғ) сапар шекті. Бақытжан Сағынтаев 2003 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан қалпына келтіру және қазба жұмыстарымен танысты. 2014 жылдан бастап археологиялық зерттеулер облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Мұнда шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездесу болып өтті.
Сапар қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев аймақ мұнай өндіруді төмендеткеніне қарамастан өңдеуші өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жаппай орта бизнесті белсенді дамытып отырғанын және әлеуметтік сала мен тұрғын үй құрылысын дамытуға көп қаражат бөлетінін айтып кетті.