110 компания Global Oil&Gas Atyrau-2018 көрмесіне қатысып жатыр

Атырауда Global Oil&Gas Atyrau-2018 17-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, KAZENERGY қауымдастығының, "KazService" Қазақстанның Сервистік компаниялар одағының ресми қолдауымен Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Бірнеше жылдан бері Global Oil&Gas Atyrau бизнес-кездесулер мен маңызды іс-шаралар өткізетін алаңға айналды.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, Ресей Федерациясының ҚР-дағы сауда өкілі Александр Яковлев және Iteca ЖШС директоры Юрий Бородихин қатысты.

Дерек көзі: http://www.inform.kz/kz/110-kompaniya-global-oil-gas-atyrau-2018-kormesine-katysyp-zhatyr_a3214523