Акционерлер және инвесторларға арналған құжаттар тізімі.
Компания стратегиясы
«SSM-Ойл» ЖШС даму Стратегиясына сәйкес, серіктестік миссиясы ұлттық мұнай-газ саласының дамуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолымен минералды пайдалы қазбаларды барлау және өндіруді арттыру болып табылады.
Тұрақты даму ұстанымдарына негізделе отырып, «SSM-Ойл» ЖШС объектілерді одан әрі өнеркәсіптік өндіру деңгейіне шығарумен барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға, инвестициядан қайтарымды арттыруға және жоғары сапалы өнім мен қызмет өндіруге ұмтылады.
Болжам:
Тиімділігі жоғары ұлттық мұнай-газ өндіруші және қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкес келетін компания.
Миссия:
- Ұлттық мұнай-газ саласының Қазақстан Республикасы, серіктестік қатысушылары және серіктестері үшін өзара тиімді жағдайда ұңғымаларды өнеркәсіптік пайдалану кезінде максималды қайтарымды қамтамасыз ету жолымен дамуын қамтамасыз ету.
- серіктестік құнын арттыру және инвестиция табыстылығын қамтамасыз ету;
- қызметті қазақстандық мұнай-газ нарығына таяу шетелде бизнесті кеңейтудің әлеуеттік мүмкіндіктерін қарастырумен жинастыру;
- қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету; тұрақты дамуды қамтамасыз ету.
Амбициялар:
Мұнай мен конденсатты коммерциялық өндіру көлемі бойынша Қазақстан Республикасында 10 ірі мұнай-газ компаниясының қатарына кіру.
Корпоративтік құндылықтар:
- Тиімділік. Компания үнемі қаржылық және өндірістік көрсеткіштерін жақсартуға, өзінің басқарушылық тәжірибесін және технологиялық шешімдерін жетілдіруге ұмтылады.
- Жауапкершілік. Компания мемлекеттің, қатысушылардың, серіктестердің, ұжымдардың және қоғамның алдында барлық жүктелген міндеттемелері бойынша жауапты болады.
- Кәсіпқойлық. Компания қажетті еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, дербес және кәсіби даму үшін мүмкіндіктерді ұсына отырып өз қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыруға ұмтылады.
- Қауіпсіздік. Компания еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлем стандарттарына сәйкес өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулықтарын сақтауға ұмтылады.
Сыртқы және ішкі орта факторларын ескерумен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін «SSM-Ойл» келесі үш басты басымдықтарға назар аударады:
- Компанияның қысқамерзімді және ортамерзімді перспективада капиталдық шектеу және операциялық тиімділікті арттыру жолымен қаржылық позициясын күшейту.
- «SSM-Ойл» мақсатты бизнес үлгісін лицензиялық – контрактілік шарттарды барынша тиімді орындаумен құру.
- «SSM-Ойл» ЖШС аймақтағы мұнай-газ саласының басты ойыншыларының бірі ретінде рөлін күшейту.